×

Жезқазғанда 150 үй үш күннен бері ауыз сусыз отыр

Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі су желілеріндегі апат туралы ақпаратты растады

 Еркеғали Болатұлы 17.01.2024 | 09:15
фото: rostovnadonu.bezformata.com

Жезқазғанда су желілеріндегі апат салдарынан 150 үй ауыз сусыз қалды.

Қоғам белсендісі Берік Жағыпаров әлеуметтік желідегі парақшасында су құбырындағы апат туралы бірнеше видео жариялады. Видеода қаланың Батыс ауданының тұрғындары 3 күннен бері ауыз судың жоқ екенін айтып шағымданып жатыр. Жазба авторының айтуынша, шарасыз қалған жезқазғандықтар мәселеге назар аударту үшін көшені жауып тастаған.

Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі су желілеріндегі апат туралы ақпаратты растады. Әкiмдiк мердігердің жөндеуді бастап кеткенін хабарлады. 

150 үйде су қысымы төмендеді. Тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету үшін әкімдік мекенжайларға су жеткізуді ұйымдастырды. Мердігер «Мелиоратор» ЖШС су құбырын жөндеуге, қажет материалдық-техникалық жабдықтауға кірісті. Жөндеуді 17 қаңтарда аяқтау жоспарланған, – делiнген әкiмдiк хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама