×

Ішкі істер министрі қазақстандықтармен ашық сөйлесуге дайын

Елімізде күн сайын қоғамдық тәртіпті 14,5 мыңнан аса қызметкер қамтамасыз етеді

 Дәурен Ерболат 16.01.2024 | 17:10
Фото: polisia.kz

Ішкі істер министрі Ержан Саденов әлеуметтік желілердегі жеке парақшасы арқылы халықпен ашық сөйлесуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, 2024 жыл – ІІМ-де кадр сапасын жақсарту жылы.

Ауқымды әрі жауапты істі қолға алдық. Бұл ретте ел тұрғындарының кері байланысы өте маңызды. Бүгінгі қоғамда әлеуметтік желілер тиімді байланыс құралы екені сөзсіз. Өзімнің Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде жеке парақшам бар екенін еске саламын. Осы парақшалар арқылы менімен байланысқа шығуға болады. Ашық диалог орнатуға әрқашан дайынмын, - деді Ержан Саденов Instagram-дағы жеке парақшасында.

Министр тәртіп сақшылары күндіз-түні қызметте екенін атап өтті.

«Күн сайын қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге 14,5 мыңнан аса Ұлттық ұлан әскері мен полиция қызметкерлері жұмылдырылады. Әр қызметкердің алдына қойылған басты мақсат – арыз-шағымдарды жылдам әрі кәсіби түрде қарастырып, әрекет ету. Полиция жұмысының ашықтығын қамтамасыз етуді жалғастырамыз», - деді ведомство басшысы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама