×

Ақтауда арықтау үшін дәрі ішкен қыздың жүрегі 5 минут соқпай қалған

Оған 6 күн қатарынан жансақтау бөлімінде көмек көрсетілді

 Еркеғали Болатұлы 16.01.2024 | 15:21
фото: collection-design.ru

Ақтауда арықтаймын деп дәрі ішіп, жүрегі 5 минут бойы соқпай қалған 30 жастағы тұрғын дәрігерлердің көмегімен аман қалды. Бұл туралы Qazaqstan телеарнасы хабарлады.

Әйел адамның жүрегіне арнайы аппаратпен дер кезінде ота жасалған. Нәтижесінде науқас клиникалық өлімнен оянды. Содан кейін оған 6 күн қатарынан жансақтау бөлімінде көмек көрсетілген. Қазір өміріне қауіп жоқ.

Ол дәріні арықтатуға, тәбетті тартуға көмектеседі деп ішкен. Мамандардың өте жоғары деңгейлі дайындығы қызымның өмірінің жалғасуына себеп болды, - дейді анасы Мейрамгүл Кенжебаева.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама