×

Өскемен тұрғыны үйінде есірткі өсірген (ВИДЕО)

Күдікті жарық шамдарын, тұқымдар мен топырақ салынған жер құмыраларын пайдаланған

 Дастан Жұмабекұлы 16.01.2024 | 10:19
Фото: polisia.kz

Өскеменде өз үйінде есірткі өсірумен айналысқан ер адам ұсталды.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, есірткі өсіру үшін ер адам жарық шамдарын, тұқымдар мен топырақ салынған жер құмыраларын және басқа да керек-жарақтарды пайдаланған. Жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде полицейлер Өскеменнің 53 жастағы тұрғынын ұстады. Оның үйінен 14 өсімдік бұтасын, 140 грамм кептірілген марихуана мен 37 грамға жуық гашиш есірткі заты табылып, тәркіленді.

ҚР ҚК-нің 300-бабы және 296-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама