×

Биыл университеттер мен колледждерге қанша грант бөлінді

Білім министрі түлектерді мектеп бітіруімен құттықтады

 Қымбат Елтайқызы 25.05.2022 | 16:40
фото: БҒМ

Асхат Аймағамбетов Нұр-Сұлтандағы №75 мектеп-гимназиясына барып, соңғы қоңырау мерекесіне арналған салтанатты рәсімге қатысты. 

«Биыл президенттің қолдауының арқасында гранттар санын көбейтіп отырмыз. Атап айтқанда, университеттерде оқуға 73 мыңға дейін және колледждерде оқуға 128 мыңға дейін грант бөлдік. Жалпы алғанда, мемлекет сіздердің болашаққа сеніммен қарауларыңыз үшін тиісті шараларды қабылдап жатыр», - деді министр түлектерге.

БҒМ мәліметінше, биыл елімізде 3,6 млн оқушы үшін соңғы қоңырау соғылды. Оның ішінде 170 мыңнан астам – 11 (12) сынып түлектері, 302 мыңнан астам – 9-сынып оқушылары. «Алтын белгі» төсбелгісіне 8 139 үздік оқушы үміткер. Сондай-ақ биыл 393 мыңнан астам оқушы 1-сыныпты аяқтады.

Соңғы қоңырауда мұғалімге гүл сыйлауға бола ма – білім және ғылым министрлігінің жауабы. СҚО түрмесінде жазасын өтеп жатқан 34 жастағы әйелге соңғы қоңырау соғылды. БҒМ дипломдық жұмыстардың көлеңкелі нарығымен күреспек. Әлемдегі үздік 2 мың университеттің тізіміне Қазақстаннан бір ғана ЖОО енді

Серіктес жаңалықтары

Сараптама