×

СҚО түрмесінде жазасын өтеп жатқан 34 жастағы әйелге соңғы қоңырау соғылды

Биыл «Сырттай кеңес беру пунктін» сотталған 17 адам бітірді

 Самат Жақып 25.05.2022 | 16:27
Наталья көгілдір көйлек киген, фото: ҚАЖ баспасөз қызметі

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЕС-164/3,6 мекемелерінде жазасын өтеп жатқан 17 сотталған азамат үшін соңғы қоңырау соғылды. Олардың ең үлкені 34 жаста. Наталья есімді әйел 8-ші сыныптан кейін оқуын тастап кеткен. Бірақ оны колонияда жалғастырған.

«Мекемеге келмес бұрын 8 сыныптық орта білімім ғана болды. Мұнда маған мектепті аяқтау мүмкіндігі берілді. Енді колледжге түсуді жоспарлап отырмын. Шаштараз-визажист мамандығым келеді. Мені анам, күйеуім, ұлым, 84 жастағы әжем бостандыққа шығуымды күтіп жүр. Барлығы мені жақсы көреді. «Соңғы қоңырау» мен үшін 34 жаста соғылды. Әсерім керемет. Тіпті мектеп бітіруші түлектің лентасын тақтық. Оқып, бостандыққа шыққан соң ел қатарлы жұмыс істегім келеді. Болашақта бәрі жақсы болады деп үміттенемін», - дейді жазасын өтеуші Наталья.

25 мамырда мектеп әкімшілігі мен директоры (Сырттай кеңес беру пункті) түлектерді соңғы қоңырау мерекесімен құттықтады. Енді жазасын өтеушіледі емтихан күтіп тұр. Кейін оларға жалпы білім беретін мектепті бітіргені туралы аттестат табысталады. 

«2021-2022 оқу жылында жалпы орта білімі жоқ жазасын өтеушілер оқумен қамтылды. Барлығы 77 адам облыс мекемелеріндегі мектепте білім алды. Түрмеде жазасын өтеушілердің орта білімі болмаса, олар 35 жасқа дейін ҚР ҚАК 127-бабына сәйкес мектепті бітіруге міндетті. Ал 35 жастан кейін сотталушының қалауы бойынша бас бостандығынан айыру орындарындағы оқу жоспарының бағдарламасы отандық білім беру жүйесінен еш айырмашылығы жоқ. Мемлекеттік емтихандарды тапсырғаннан кейін оларға аттестаттар беріледі. Мекеме базасында 11 сыныптан кейін сотталғандар «Петропавл кәсіптік колледжінде» тігінші, қаптаушы, сынды сұранысқа ие мамандықтар бойынша орта-арнайы білім ала алады. 9 және 11 сыныптардың аттестаттарын тапсыру 2022 жылғы маусым айының екінші жартысына жоспарланған», - дейді СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/6 мекемесінің бастығы, Әділет подполковнигі Қанат Сүлейменов.

2021 жылы өңірдегі жазасын өтеу мекемелерінде сотталған - 46, 2022 жылы сотталған 77 азамат білім алды. Жалпы қазір СҚО-да түзету мекемелерінде жазасын өтеп жатқан 1500-ден астам адам бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама