×

Әлемдегі үздік 2 мың университеттің тізіміне Қазақстаннан бір ғана ЖОО енді

CWUR түзген рейтингке Түркияның 56 ЖОО-сы еніп отыр

 Айнұр Шошаева 25.05.2022 | 13:14
фото: masterstudies.com

Әлемнің үздік университеттеріне қатысты ең беделді академиялық рейтингке Қазақстаннан бір ғана университет енді, Бұл туралы Finprom.kz сарапшылары хабарлады.

Center for World University Rankings (CWUR) зерттеуі төрт бағытқа негізделген: түлектердің білім деңгейі; ірі компанияларда басшылық лауазым атқаратын түлектер, жұмысқа орналасу әлеуеті; беделді академиялық наградаларға ие болған оқытушыларды есепке ала отырып, оқытушылар құрамының сапасын және ғылыми еңбектерді, жетекші журналдардағы жарияланымдарды, академиялық ортаға әсері мен ғылыми мақалаларға сілтеме жасау.

CWUR 2022 жылы әлемдегі 20 мыңға жуық университетке академиялық баға берді. Нәтижесінде GLOBAL 2000 деген атаумен 2 мың үздік оқу орнының тізімі жасалды.

Қазақстандағы барлық ЖОО ішіннен тек Назарбаев университеті ғана беделді рейтингке енді (1765-орын). Назарбаев университеті – бұл рейтингке енген Қазақстандағы ғана емес, Орталық Азиядағы жалғыз университет.

ТМД елдері арасында бұл рейтингке Ресейдің 42 университеті, Украинаның 6 университеті  (бірқатар себепке байланысты Украина ТМД-да даулы мәртебеге ие), Беларусьтің 2 университеті енді. Рейтингте Армения мен Әзірбайжанның бір ғана университет бар. CWUR түзген рейтингке Түркияның 56 ЖОО-сы еніп отыр.

Америкалық үш университет (Гарвард университеті, Массачусетс технологиялық институты және Стэнфорд университеті) және британдық екі университет (Кэмбридж және Оксфорд университеттері) үздік бестіке енді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

«Ер адамның дене пішіні әйелге ұқсап бара жатыр»: дәрігер пластик бөтелкеден су ішудің салдары барын ескертті

Пластик құрамындағы бисфенол тағам, су арқылы ағзаға өтіп, ксеноэстроген гормонына айналады
27.05.2023 | 21:37

Солтүстік Қазақстанда малшы найзағай түсіп қайтыс болды

Қайғылы жағдай болған 25 мамыр күні ол мал бағып жүрген
27.05.2023 | 20:52

СҚО-да әкім журналиске берген сұхбатынан кейін ауруханаға түсіп қалды

Жұмағұловтың айтуынша, әкім аурухананың инсульт орталығында жатыр
27.05.2023 | 19:54

Ақтөбеде аламан бәйге өтті

Турнирге еліміздің бірнеше өңірінен 62 шабандоз қатысты
27.05.2023 | 17:08