×

Өскеменде әйелін қызғанған адам белгілі спортшыны атып кетті (ВИДЕО)

Эльер Юнусметов спорттың жекпе-жек түрінен бірнеше халықаралық жарыстардың жеңімпазы болған

 Дастан Жұмабекұлы 15.01.2024 | 17:24
Фото: https://t.me/kriminal_kazakhstan

Өскеменде белгілі жекпе-жек шебері Эльер Юнусметов көшеде көз жұмды.

«Криминальный Казахстан» Telegram арнасының ақпаратына қарағанда, Эльер Юнусметовті үйінің жанында әйелін қызғанған ер адам тапаншамен атып кеткен. Спортшы сол жерде көз жұмған.

Эльер Юнусметов кикбоксинг, самбо, бокс, қоян-қолтық жекпе-жек, тай боксынан өткен аудан, облыс, республикалық және халықаралық жарыстардың жеңімпазы болған.

13 қаңтарда күндіз Өскемен қаласындағы Қазақстан көшесінде орналасқан №98/2 үйдің жанында 33 жастағы Юнусметов Е.И.-дің денесі табылды. Иегі мен мойнынан алған оқ жарақатынан қайтыс болды. Қылмысты жасады деген күдікпен 26 жастағы А.К. Тюебаев ұсталды. Алдын ала болжам бойынша, ер адам 23 жастағы келіншегін Юнусметовтен қызғанғандықтан қылмысқа барған.

Оқиға бойынша бойынша кісі өлтіру (ҚР ҚК-нің 99-бабы) қылмысы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», – делінген полиция хабарламасында.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама