×

Қазақстан нысана көздеуден Олимпиадаға тағы екі лицензия алды

Александра Ле мен Никита Чирюкин жолдаманы иеленді
 

 Дастан Жұмабекұлы 14.01.2024 | 09:27
Фото: Тұрар Қазанғапов

Нысана көздеуден 5-18 қаңтар аралығында Индонезияның астанасы – Джакартада өтіп жатқан лицензиялық Азия чемпионатында отандастарымыз екі жолдаманы иеленді.

50 метрлік қашықтықтан нысанаға винтовкамен ату сайысында Александра Ле 7-орынға тұрақтап, Париж Олимпиадасына қатысуға мүмкіндік алды.

Бұл бағдарламада бұған дейін 2023 жылы Азия чемпионатында Арина Алтухова жолдама алған еді. Ал 25 метрден жылдам атылатын тапаншамен сынға түскен Никита Чирюкин іріктеу кезеңінде 584 ұпай жинап, финалға шықты. Содан кейін ол Азия чемпионы атанды.
Осылайша, әзірше нысана көздеуден ел қоржынында Париж Олимпиадасының бес жолдамасы (Ислам Сатпаев, Арина Алтухова, Константин Малиновский, Александра Ле, Никита Чирюкин) бар.

Нысана көздеуде лицензия спортшының жеке өзіне емес, ұлттық федерацияға беріледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама