×

Павлодарда әкесін өлтірген жігіт сот залынан босатылды

Бұл тармақ Қылмыстық кодекстің 55-бабы 1-бөлігінің 1-бөлімшесінде көзделген

 Еркеғали Болатұлы 13.01.2024 | 16:00
фото: malim.kz

Павлодарда абайсызда әкесін өлтіріп алған ер адам сот залынан босатылды. Жазатайым оқиға ауызша жанжалдан басталған, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

Қаланың №2 сотында ҚР ҚК-нің 104-бабы 1-бөлігі («Абайсызда адам өліміне әкеп соғу») бойынша қылмыстық іс қаралды.

Іс материалы бойынша өткен жылдың 11 шілдесінде екі мас ер адам өзара сөзге келіп қалған. Әкесі еш жерде жұмыс істемейтін және бос жүрген 35 жастағы ұлын үйден қуып жібергісі келген.

Жанжал кезінде жас жігіт әкесінің бетінен ұрып, бар күшпен итеріп жіберген. Әкесі тепе-теңдігін жоғалтып, басын батареяға соққан. Есін жоғалтып, орнынан тұрмақ болған. Алайда зейнеткер алған жарақатынан есін жимастан көз жұмған, – деп мәлімдеді №2 соттың баспасөз қызметі.

Мұндай қылмыс бойынша күдіктіні 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сотталушы өз еркімен моральдық зиянды өтеген жағдайда жазадан құтылуы мүмкін. Бұл тармақ Қылмыстық кодекстің 55-бабы 1-бөлігінің 1-бөлімшесінде көзделген.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. Ал сотталушы сот залынан босатылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама