×

ҮЕҰ-ға мемлекеттік гранттар беру конкурсына өтінім қабылдау басталды

Қатысушылар жобаларын 3 сала бойынша ұсына алады

 Динара Амантай 12.01.2024 | 15:52
Фото: noesismarketing.net

Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша 2024 жылға арналған үкіметтік емес ұйымдар үшін мемлекеттік гранттар беруге конкурс басталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының мәліметінше, конкурстың шарттары үшін қатысушылар жобаларын мына 3 сала бойынша ұсына алады:

  • халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау;
  • азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу;
  • қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту.

Конкурс аясында үкіметтік емес ұйымдарға 20 қысқа мерзімді грант, 2 орта мерзімді грант және 1 ұзақ мерзімді грант беру көзделген.

Қысқа мерзімді және орта мерзімді гранттарға өтінімдер операторға 11 қаңтар мен 31 қаңтар аралығында 18:30-ға дейін (Астана уақыты бойынша), ұзақ мерзімді гранттарға 11 қаңтар мен 14 ақпан аралығында 18:30-ға дейін (Астана уақыты бойынша) енгізіледі.

Конкурстық өтінімдер grants@cisc.kz электронды поштасы арқылы, сондай-ақ қолма-қол/пошта жөнелтілімімен мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 11/5, 5-қабат, 504/1 кабинет.

Конкурс жеңімпаздарын тәуелсіз сараптама комиссиясы анықтайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама