×

Павлодар облысында аязда көлік жолда қалып қойған

Жүргізушілер жолда сақ болуға тиіс

 Дәурен Ерболат 12.01.2024 | 10:30
Фото: Sputnik/Илья Наймушин

Аязда жолда қалып қойған жүргізуші мен жолаушыға көмек көрсетілді, деп хабарлады Екібастұз қаласы ТЖД-ның баспасөз қызметі.

Шідерті-Қарағанды тас жолында жеңіл көлік сынып қалған. Оның ішінде 2 адам болған.

Олар жол бойындағы «Сарухан» дәмханасына жеткізілді. Онда адамдарға ыстық тамақ беріліп, жылыту пунктіне орналастырылды, – деп жазылған хабарламада.

Аязда қалып қойған адамдарды құтқаруға 14-ӨС бөлімі, жергілікті атқарушы органдар мен жол қызметінің қызметкерлері жұмылдырылды.

Айта кетейік, бүгін елімізде ауа райының құбылмалы болатыны хабарлаған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама