×

Шымкентте екі танысын пышақтап өлтірген әйел сотталды

Бір адам сол жерде жан тапсырса, екінші адам ауруханада қайтыс болды

 Еркеғали Болатұлы 11.01.2024 | 09:40
фото: Halyq Uni

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында екі танысын пышақтап өлтірген әйелге қатысты іс қаралды.

Оқиға өткен жылдың 19 шілдесінде Көксай-2 шағын ауданында болған. Алкогольді ішімдік ішкен шағын топ өзара көңіл көтерген. Содан араларында түсініспеушілік туындаған. Сотталушы танысын қызғанып, қасындағыларға асханалық пышақты сілтеген. Бір адам сол жерде жан тапсырса, екінші адам ауруханада қайтыс болды.

Сот үкімімен кінәлі деп танылған сотталушы 15 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Сот сотталушыға жаза түрі мен мөлшерін белгілеген кезде оның қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде кінәсін мойындағанын, шын ниетпен өкінгенін ескерді. Ал қылмыстық жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жайлар ретінде алкогольді масаң күйде болғанын таныды, – деп мәлімдеді Шымкент қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама