×

ШҚО-да екі балықшы адасып кеткен

Олар 7 қаңтарда балық аулауға шыққан

 Динара Амантай 10.01.2024 | 14:31
Фото: polisia.kz

ШҚО полицейлері қар құрсауында адасып қалған екі балықшыны құтқарды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, іздестіруге мамандандырылған қызметтердің ауыр жол техникасы қажет болған. Полицияға жедел қоңырау облыс орталығы тұрғындарының бірінен келіп түскен. Ол күйеуі мен оның досы 7 қаңтарда балық аулауға барғанын, бірақ қайтар жолда ауа райының күрт өзгеруіне байланысты жол бағдарынан адасып, қалың қар құрсауында қалғанын айтқан.

Тәртіп сақшылары қар басып қалған жолға және жолдың көріну мүмкіндігінің нашарлығына қарамастан, екі балықшыны дереу іздеуге кіріскен. Олар Күршім өткелінің жағалауын және балықшылар болуы мүмкін жерлерді қарап шықты. Ал ауыр жол техникасы осы уақытта жолдың қажетті бағытын тазартты.

8 сағат өткенен кейін көлікпен бірге қар құрсауында қалған балықшылар табылды. Қазір олардың денсаулығына ешқандай қауіп жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама