×

БҚО-да 62 ірі қараны ұрлаған қылмыстық топ ұсталды

8 мал күдіктілердің қораларынан табылған, қалғаны сатылып кеткен

 Дастан Жұмабекұлы 10.01.2024 | 09:27
Фото: polisia.kz

Батыс Қазақстан облысында 62 ірі қараны ұрлаған қылмыстық топ ұсталды.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, облыстың полиция департаменті қызметкерлері Теректі ауданына қарасты Ақжайық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірігіп, ауданда мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топты ұстаған. Олар 62 ірі қара малды ұрлап, соның 8-і қораларынан табылған. 

Ұсталған азаматтардан Toyota Hilux пен Ford автокөлігі тәркіленді. Күдіктінің бірі ұрланған ірі қара малды Ford автокөлігіне айырбастаған. Сондай-ақ ұрланған малды сатып алып жүрген адам анықталды. Ол сиырларды нарықтағы төмен бағамен сатып алған.

Күдіктілердің бәрі уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Ұсталған азаматтардың осыған ұқсас қылмыстарға қатысының бар-жоғы анықталып жатыр. Қазір Қылмыстық кодекстің 188-1-бабы («Мал ұрлығы») бойынша  сотқа дейінгі тергеу басталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама