×

Қайырымдылық: блогерлер қаржының қандай мақсатта жұмсалғанын дәлелдеуі керек

Қайырылымдық мақсатында ақша жинайтын блогерлер нені білуге тиіс?

 Дәурен Ерболат 09.01.2024 | 17:30
көрнекі фото: Halyq Uni

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов қайырылымдыққа ақша жинайтын блогерлерге кеңес берді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Үкіметтің баспасөз орталығында министрдің орынбасарына «Бүгінде блогерлердің көбі кәсіпкер ретінде тіркелмеген. Олар әлеуметтік желіде тікелей эфир арқылы ұтыс ойнатып, қайырымдылық қорына ақша жинайды. Олардың мобильді аударымы тексеріле ме?» деген сұрақ қойылды.

Вице-министр блогерлердің қандай жағдайда салықтан босатылатынын түсіндірді.  

«Тек блогерлер ғана емес, басқа азаматтар осылай ақша жинауы мүмкін. Бұл қаражат баланың еміне арналса және мобильді аударым 100-ден асса, ендігі жылы бізге тиісті мәлімет түседі.

Сонда біз бұл азаматқа арнайы хабарлама жібереміз. Азамат немесе блогер «Иә, мен қаңтар, ақпан, наурызда осындай ақша жинаған едім. Кәсіпкерлік мақсатта емес, ақшаны осы бағытта жұмсадым. Жіберілген ақшаның реквизиті бар» деп өзіне аударылған ақшаның қандай мақсатта жұмсалғанын түсіндіріп беруге тиіс. Мұндай жағдайда оған сұрақ туындамайды, салық міндеті қойылмайды.

Ақша жинайтын адам қаржыны не үшін жинап жатқанын нақты білуге тиіс. Егер кәсіпкерлік немесе жарнама болса, салық міндеттемесі болады. Қайырымдылыққа жиналса, адам ешқандай жауапкершілікке тартылмайды, салық төлемдері пайда болмайды», - деді Ержан Біржанов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама