×

Қарағанды тасжолында қалған 200-ге жуық адам құтқарылды

172 адам жылыту орталықтарына орналасты

 Дастан Жұмабекұлы 09.01.2024 | 13:59
Фото: gov.kz/Төтенше жағдайлар министрлігі

Өткен тәулікте Қарағанды облысының жолдарында төтенше жағдайлар департаменті мен ТЖМ 52859 әскери бөлімінің күштері қар құрсауында қалған көліктерден 190 адамды, оның ішінде 27 баланы құтқарып, жақын маңдағы елді мекендерге орналастырды.

Сондай-ақ құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдардың көмегімен 172 адам жылыту орталықтарына жайғасты. Оларға медициналық көмек қажет болмады.

8 қаңтарда Ақтоғай ауданының Жидебай ауылдық округінде төтенше жағдайлар қызметі 1997 және 1973 жылы туған екі ер адамды іздестірді. Олар 7 қаңтарда таңертең «Нива» көлігімен мал алып кетуге шығып, қайтып оралмаған. Олармен байланыс болған жоқ. 8 қаңтарда таңертең іздестіру тобы жоғалған адамдарды Тінәлі қыстағының маңайынан тапты. Белгілі болғандай, олар мінген көлік істен шығып, дәл осы уақытта қыстаққа баратын жолды қар басып қалған. Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болған жоқ, – делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.

Қазір Қарағанды облысында барлық бағыттағы жолдар ашық.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама