×

«ҚазМұнайГаз» платформасынан 100 мың теңгеден дивиденд алу ұсынылды - прокуратура түсінік берді

Азаматтар қырағы болуға тиіс

 Динара Амантай 09.01.2024 | 10:47
Фото: bugin.kz

Алматы қаласы Медеу ауданының прокуратурасы әлеуметтік желілерде «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның инвестициялық бағдарламасы туралы жалған жарнаманы анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бейнежазбада азаматтарға іске қосылған жаңа мемлекеттік «ҚазМұнайГаз» платформасына қаржы салып, 100 мың теңгеден дивиденд алуды ұсынылған.

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның мәліметіне сәйкес, таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды. Осыған байланысты прокуратура азаматтардан қырағы болуды және жасырынған қаржы пирамидасы болуы мүмкін түрлі ойдан шығарылған жарнамаларға бой алдырмауды сұрайды.

Өз кезегінде құқық қорғау органдары заңсыз инвестициялық ұйымдардың қызметін анықтау және жолын кесу шараларын қабылдап жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама