×

Оралда 3 көліктің соқтығысуы салдарынан адам қайтыс болды (ВИДЕО)

Олар «Оқтан» жанар-жағармай құю бекеті маңындағы айналма тасжолда соқтығысқан

 Еркеғали Болатұлы 07.01.2024 | 15:58
фото: видеодан скриншот

Кеше кешке Оралда 3 көлік соқтығысты. Зардап шеккен 5 адамның бірі ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды, деп хабарлады Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 6 қаңтарда сағат 20:05 шамасында Оралдағы «Оқтан» жанар-жағармай құю бекеті маңындағы айналма тасжолда үш көлік соқтығысып қалған.

Жол апатынан 5 жолаушы зардап шекті. Олар ауруханаға жеткізілді. Бір жолаушы ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болды, - делінген хабарламада.

Қазір осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама