×

БҚО-да танысына алданған тұрғын полициядан бір-ақ шықты

Оның қылмыстық әрекеті бейнекамераға түсіп қалған

 Динара Амантай 06.01.2024 | 09:17
Фото: видеодан скриншот

Батыс Қазақстан облысының полицейлері кәдесыйға арналған «долларды» ұрлаған адамды ұстады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ер адам тек дүкеннің бейнебақылау камераларына ғана емес, Бөрлі ауданының Жедел басқару орталығы камераларына да түсіп қалған. Камераға қылмыскер оқиға орнынан көлікке мініп кеткен жері түсіп қалған. Жедел қызметкерлерге қаскүнемді табу қиынға соққан жоқ.

Ұрының Ақсай қаласының тұрғыны екені анықталды. Ұрланған «доллар» оның пәтерінен табылды. Жауап алу кезінде оған таныстарының бірі дүкен иесінің долларды дүкенде сақтайтынын жеткізді. Танысының айтқанына сенген ол тез байып кетудің қамымен осындай әрекетке барған.

Аталған факті бойынша БҚО ПД Бөрлі ауданы Пб-мен сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды, – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама