×

Жемқорлардан тәркіленген қаржыға 43 жаңа мектеп салынды

«Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры» есебінен 76 738 оқушыға арналған 62 мектептің құрылысына қаржы бөлінді

 Дәурен Ерболат 05.01.2024 | 14:14
Фото: gov.kz

Елімізде бір жылда жемқорлардан тәркіленген қаржыға 43 жаңа мектеп салынды, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

2023 жылдың қорытындысы бойынша жемқорлардан тәркіленген қаражыға 43 мектеп салынып, пайдалануға берілді. Осылайша, елімізде 3 апатты және 13 үш ауысымды мектеп мәселесі шешілді, - деп жазылған хабарламада.

Өңірлерде жаңа білім беру нысандарын іске қосу нәтижесінде тағы 54,4 мың жаңа оқушы орны пайдалануға берілді. Мысалы, Алматы және Түркістан облыстарында 8, ал елордада 10 мектеп салынды.

«Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры» есебінен 76 738 оқушыға арналған 62 мектептің құрылысына қаржы бөлінді. Жобаларға жалпы 96 млрд теңгеден аса қаржы аударылған. Ол жергілікті атқарушы органдардың шоттарына түсті.

Жалпы, қор жұмыс істегелі бері 150 млрд теңгеден аса қаражат түскен. Қаржы мектептерді, қосымша ғимараттар мен интернаттарды жаңартуға, сондай-ақ үш ауысымды оқыту, апатты мектептер мәселесін шешуге және оқушы орындарының тапшылығын жоюға жұмсалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама