×

Ақсу қаласында ерекше балаларға мерзімі өтіп кеткен тәттілер таратылған

Білім бөлімінің басшысы Қайрат Смағұлов тәртіптік жазаға тартылды

 Еркеғали Болатұлы 05.01.2024 | 09:40
фото: goodlookslady.com

Жаңа жыл қарсаңында ерекше балалардың құрметіне орай ұйымдастырылған ертеңгілікте мерзімі өтіп кеткен тәттілер таратылған. Болған жағдайға кінәлі адамды Павлодар облысының білім басқармасы анықтады. Бұл туралы Pavlodarnews.kz хабарлады.

Балалардың ата-анасы сыйлыққа берілген тәттілердің қатты екенін, тіпті одан күмәнді иіс шығатынын айтып шағымданған.

Сыйлықтар жаңа жыл қарсаңында жеткізіліп, оның құнын өңірдегі кәсіпорындардың бірі төлеген. Болған жағдайдан соң білім басқармасының бұйрығына сәйкес, Ақсу қалалық білім бөлімінің басшысы Қайрат Смағұловқа тәртіптік жаза ретінде ескерту берілді.

Ақсу қаласының әкімі Нұрлан Дүйсенбинов пен білім бөлімінің басшысы ертеңгілікке келген ерекше балалар мен ата-аналардан кешірім сұрады.

Қайрат Смағұловтың айтуынша, зауыттардың ақсулық ерекше балаларға тәттілер таратып жүргеніне 8 жыл болған. Алайда мұндай жағдай бірінші рет болып тұрған көрінеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама