×

Қарағанды облысында терроримзді насиғаттаған тұрғын ұсталды

Тергеу әрекеттері барысында заттай дәлелдемелер алынды

 Динара Амантай 04.01.2024 | 13:44
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Кеше Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен және полицияның жәрдемдесуімен Қарағанды облысының тұрғынын ұстады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ведомство өкілдерінің мәліметіне сәйкес, ол жұмыс орнында және әлеуметтік желілер арқылы терроризмді насихаттады деген күдікке ілінген. Тергеу әрекеттері барысында заттай дәлелдемелер алынды.

Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр, – делінген ҰҚК хабарламасында.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама