×

Алматыда әкімнің орынбасары ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді

Ол кәсіпкерлерге «көмектеспек» болған

 Дәурен Ерболат 04.01.2024 | 13:20
Фото: Halyq Uni

Алматыда Жетісу ауданы әкімінің орынбасары ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлады Антикор.

Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жетісу ауданы әкімі орынбасарының үстінен сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Ол жергілікті кәсіпкерлерден 14 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді. Ақша мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасуға, орындалған жұмыстар актілеріне қол қоюға және жалпы қамқорлыққа алуға жәрдемдесуге арналған.

Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, басқа ақпарат жарияланбайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама