×

Иран мен Әзербайжанның шекарасында жаңа көпір ашылды (ВИДЕО)

Оның ұзындығы – 89 метр, ені – 30,6 метр

 Дастан Жұмабекұлы 03.01.2024 | 11:17
Фото: trend.az

Иран мен Әзербайжанның шығыс шекарасында Астарачай өзені арқылы өтетін автокөлік көпірі ашылды. Ол бақылау-өткізу пункті қызметін атқарады.

Иранның Жол және қала құрылысы министрлігінің мәліметіне қарағанда, көпірдің ашылу салтанатына Парсы елінің аталған ведомствосының басшысы Мехрдад Базрпаш пен Әзербайжан премьер-министрінің орынбасары Шахин Мустафаев қатысқан.

Көпірдің ұзындығы – 89 метр, ені – 30,6 метр. Ол төрт жолақты. Көпір 5,8 млн еуроға (шамамен 6,4 млн доллар) 22 айда салынған. Сондай-ақ оның екі жағында ені 2,5 метр жабық жаяу жүргіншілер жолы бар, – делінген хабарламада.

Әзербайжан премьер-министрінің орынбасары былтыр екі ел арасындағы жүк теміржол тасымалының 47 пайызға көбейгенін, 2022 жылмен салыстырғанда жүктің көлемі 700 мың тоннаға артқанын айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама