×

Астана көшелерін қардан тазартуға 1400-ден астам техника жұмылдырылды

260-тан астам жұмысшы тазартумен айналысып жатыр

 Динара Амантай 03.01.2024 | 09:53
Фото: Астана қ. әкімдігінің баспасөз қызметі

Елордада коммуналдық қызмет мамандары тәулік бойы көшелерді толассыз жауған қардан тазарту жұмыстарымен айналысып жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Астана әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, түнгі уақытта магистральдық көшелерде сыпыру-жинау техникаларымен қар қүреліп жатыр.

Жолдар, жаяу жүргіншілер жүретін жерлер мен басқа да қоғамдық орындар, жерүсті өткелдері мен тротуарлар, велосипедке арналған жолдар мен қоғамдық көлік аялдамалары қардан тазартылып жатыр.

Биылғы қыс маусымы басталғалы Астанадан 920 мың текше метрден астам қар шығарылды.

Көшелерді түнде қардан тазартумен 1400-ден астам арнайы техника мен 260-тан астам жұмысшы айналысты.

Синоптиктердің болжамынша, 3 қаңтарда елордада ауыспалы бұлт шығады, жауын-шашын жаумайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Шығыстан 3-8 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -20-22°С, күндіз -13-15°С болады.

Аудандық әкімдіктерде қар күреу жұмыстары барысын бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама