×

Алматыда 2020 жылы із-түзсіз кеткен жігіт аман-есен табылды

Желі қолданушылары оның бұл күнге дейін қайда болғанын сұраған...

 Еркеғали Болатұлы 31.12.2023 | 13:44
фото: дереккөз

Үш жыл бұрын Алматыда жоғалып кеткен ер адам аман-есен табылды. Бұл туралы lider.kz еріктілері мәлімдеді.

Атап айтқанда, 1994 жылы туған Тойлыбаев Жәнібек Жанатұлы 2020 жылдың 20 қаңтарында жоғалып кеткен. Сол күні ол Әуезов ауданы, Мамыр-7 шағын ауданы, 8 үй мекенжайындағы үйінен шығып кеткен. Содан бері одан еш хабар болмаған.

Бойы – 175 см, дене тұрқы орташа, шашы қара, көзі қоңыр, ернінің астында меңі бар.

Еріктілердің айтуынша, ол 30 желтоқсанда табылған. Желі қолданушылары ер адамның бұл күнге дейін қайда болғанын сұраған. Алайда еріктілер бұл сұраққа жауап бермей отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама