×

Астанада көшеден 60 мың рейс қар шығарылды

31 желтоқсанда қар жауып, боран соғады, көктайғақ болады

 Дастан Жұмабекұлы 31.12.2023 | 09:50
Фото: gov.kz/ Астана қаласының әкімдігі

Астанада қыс басталысымен көшелерден 800 мың текше метрге жуық қар шығарылды. Бұл – шамамен 60 мың рейс деген сөз, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

«Қазгидромет» РМК мәліметіне қарағанда, 31 желтоқсанда Астанада қар жауып, боран соғады. Көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні – 20 м/с, кей жерде 28 м/с-ке жетеді. Осыған байланысты коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс режиміне көшті.

Түнгі ауысымға сағат 18:00-ден бастап Астана көшелеріне 1 мыңнан астам арнайы техника мен 300-ге жуық жол жұмысшысы шықты.

Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар жүк көліктерінің нөмірлері оқу жүйесімен жабдықталған. Ол жерде бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама