×

Қаңтарға ауа райы болжамы жарияланды

3 қаңтардан бастап Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында суық ауа массаларының ағынымен ауа температурасының қысқа мерзімді төмендеуі болжанады

 Халық үні 30.12.2023 | 19:37
Фото: tengrinews.kz

Қаңтар айында Қазақстанның ауа райын көбінесе атлантикалық циклондар және онымен байланысты атмосфералық фронттар айқындайтын болады, республиканың басым бөлігінде жауын - шашын (жаңбыр, қар), солтүстік өңірлерде - қар түрінде болжанады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Қазақстан бойынша бұрқасын, көктайғақ, желдің 15-28 м/с дейін күшеюі жиі күтіледі.

3 қаңтардан бастап Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында суық ауа массаларының ағынымен ауа температурасының қысқа мерзімді төмендеуі болжанады:

республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде түнде -3+2°С-тан -20-27°С-қа дейін, күндіз -3+2°С-тан -7-15°С-қа дейін;

Қазақстанның орталығында және шығысында түнде 0,-8°С-тан -20-28°С-қа дейін, күндіз 0,-5°С-тан -5-18°С-қа дейін;

 Бірінші онкүндіктің екінші жартысында Қазақстанның солтүстік жартысында аяздың әлсіреуі болжанады: түнде -5-15°С дейін, күндіз -3-8°С дейін. Қаңтарда бірінші онкүндіктің соңында, екінші онкүндігінің басында антициклонның күшеюімен түнде температура қайтадан -18-25°С дейін төмендейді.

Еліміздің батыс өңірлерінде қаңтар айының басында ауа температурасының түнде -3+5°С-тан 0,-10°С-қа дейін, күндіз -3+7°С-тан 0,-5°С-қа дейін төмендеуі күтіледі, екінші жартысында – түнде -10-18°С-қа дейін, күндіз -3-10°C-ға дейін ары қарай төмендейді, бірінші онкүндіктің соңында ғана күн жылынады.

Республиканың оңтүстік жартысында ауа температурасы түнде -5+5°С-тан -3-15°С-қа дейін, күндіз +5+10°С-тан -8+3°С-қа дейін ауытқуы болжанады.

Консультативтік болжамға сәйкес 2024 жылғы қаңтардың екінші және үшінші онкүндіктерінде Қазақстанның басым бөлігінде ауа-райының жиі өзгеруі күтіледі, аязды күндер мен қатар циклондар мен атмосфералық фронттардың өтуі жиілеп, нәтижесінде қар жауады (Қазақстанның оңтүстік жартысында жауын-шашын), бұрқасын күтіледі. Ауа массаларының өзгеруімен көктайғақ құбылыстары, тұман байқалады.

Жылу толқындарының бірнешеуі болжанады: ауа температурасы Қазақстанның солтүстік жартысында және шығысында түнде -3-13°С дейін, күндіз -5+5°С дейін; Қазақстанның оңтүстік жартысында және батысында  түнде -5+5°С дейін, күндіз +5+15°С дейін жоғарылайды.

Солтүстік-батыс антициклондардың енүімен бірнеше суық толқындар болжанады. Бұл күндері ауа температурасы төмендеуі мүмкін: ҚР солтүстік жартысында, шығысында және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнде -22-30°С дейін, күндіз -12-20°С дейін; Қазақстанның оңтүстік жартысында және батысында түнде -13-23°С дейін, күндіз -3-13°С дейін.

Қаңтар айында Қазақстан аумағы бойынша температуралық фон климаттық нормадан 1-2°жоғары болады деп күтілуде. Жауын – шашын мөлшері Қазақстанның басым бөлігінде норма шамасында, елдің солтүстік-батыс жартысында, Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында  нормадан көп болады деп болжануда.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама