×

Ақтөбе облысында шетелдіктер мінген автобус аударылып қалды

32 адам эвакуацияланды

 Динара Амантай 30.12.2023 | 14:03
Фото: Ақтөбе обл. ТЖД баспасөз қызметі

Ақтөбе облысында шетелдіктер мінген автобус аударылып қалды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше сағат 18:50-де Әйтеке би ауданы «Қарабұтақ – Қостанай» автожолында жолаушылар автобусы аударылып қалғаны бойынша ақпарат келіп түскен.

Оқиға орнында зардап шеккендер жоқ. Жолаушылар «Екатеринбург – Шымкент» бағыты бойынша жолға шыққан.

Оқиға орнында құтқарушылар, ЖАО, полиция бөлімі қызметкерлері мешітке 32 Өзбекстан азаматын эвакуациялады.

Ауа-райының өзгеруін қадағалап, автожолдарда автокөлік қозғалысына шектеулер енгізу кезінде жолға шықпаңыздар, – делінген хабрламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама