×

Жамбыл облысында әкімдік қызметкері маңызды құжаттарға жалған мәліметтер енгізген

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша 300 гектардан астам жер учаскелері мемлекетке қайтарылды

 Динара Амантай 28.12.2023 | 10:51
Фото: Жамбыл обл. прокуратураның баспасөз қызметі

Жамбыл облысының прокурорлары аудан әкімдігі жер қатынастары бөлімінің жұмысшысымен қызметтік жалғандық жасау фактісін анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Байзақ ауданының прокуратурасы аудан әкімдігі жер қатынастары бөлімінің жұмысшысымен ауыл шаруашылығы мақсатындағы 500 гектар жер учаскелерін беру кезінде қызметтік көзбояушылық жасау фактілерін анықтады. Сонымен бірге конкурс қорытындысы бойынша лауазымды адам учаскелердің орналасқан жері туралы мәліметтерге заңсыз өзгерістер енгізген.

Аталған фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің 369-бабы 1-бөлігі («Қызметтік көзбояушылық») бойынша қылмыстық іс қозғалып, ол сотқа жіберілді, – делінген прокуратура хабарламасында.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша 300 гектардан астам жер учаскелері мемлекетке қайтарылды. Қалғандары бойынша жұмыс жалғасып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама