×

Өткен тәулікте 300-ден астам адам құтқарылып, эвакуацияланды

Жалпы апаттық және іздестіру-құтқару жұмыстарына 82 шығу жасалды

 Динара Амантай 27.12.2023 | 13:35
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Өткен тәулікте 300-ден астам адам құтқарылып, эвакуацияланған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ауа райының нашарлауына байланысты автокөліктің барлық түрлері үшін республикалық және облыстық маңызы бар автожолдардағы қозғалысқа шектеу енгізілді. Өткен тәулікте ТЖМ ЖАО, ІІМ, жол қызметтерімен бірлесіп, қар құрсауынан 106 адамды, оның ішінде 6 баланы құтқарып, 223 адамды, оның ішінде 4 баланы эвакуациялады.

Жалпы апаттық және іздестіру-құтқару жұмыстарына 82 шығу жасалды.

ТЖМ дабылды ескерту кезеңінде алыс сапарға шықпауға кеңес береді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама