×

Қазақстан мен Қытай қылмыстық істер бойынша бір-біріне құқықтық көмек көрсетпек

Қос елдің құзырлы органдары ақпарат алмасады

 Дәурен Ерболат 27.12.2023 | 10:31
көрнекі фото: Halyq Uni

Мәжілістің жалпы отырысында 1993 жылдың 14 қаңтарындағы Қазақстан мен Қытай арасындағы азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасы қаралды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Депутат Снежанна Имашева құжаттың маңызын түсіндірді.

«Аталған хаттамамен «1993 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шартқа өзгерістер енгізілген. Бұл өзгерістер Қазақстан аумағында шетелдік соттардың шешімдері мен өтініш хаттарын орындау саласында құқықтық көмек көрсету бойынша сот органдарының функцияларын нақтылауға және екі тараптың құзыретті органдарын өзгертуге қатысты. Комитет заң жобасын жұмысқа алуға дайын», - деді Мәжілістегі Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы.

Депутаттар заң жобасын талқылауды қолға алды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама