×

Семейде зауыт жұмысшылары 2 млн теңгенің кабелін ұрлаған

Арнайы бөлімшенің жедел қызметкерлері 2 ай ішінде ұрлық схемасын ашты

 Динара Амантай 26.12.2023 | 10:57
Фото: polisia.kz

Абай облысында кәсіпорынға 2 млн теңгеден астам шығын келтірген күдіктілер анықталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Облыстық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері облыстық прокуратураның үйлестіруімен ірі зауыттардың бірінің 4 жұмысшысын ірі кабель ұрлады деген күдікпен ұстады. Арнайы бөлімшенің жедел қызметкерлері 2 ай ішінде ұрлық схемасын ашты.

Қылмыстық топ апта сайын зауыт аумағынан 30 метр көлемінде көп сымды мыс өткізгіштерін заңсыз шығарып отырған. Сондай-ақ жұмыс барысында өткізу орны анықталды.

Металл сынықтарын қабылдау пунктінің бірін санкцияланған тінту кезінде ұрланған металл тәркіленді. Кәсіпорынға келтірілген жалпы шығын – 2,2 млн теңге. Күдіктілер УҰИ-ға қамалды. ҚР ҚК 188-бабының 2-бөлігі («Ұрлық») бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды, – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама