×

Павлодар облысында 50-ден астам адамды сан соқтырған әйел ұсталды

Ол тергеу изоляторына қамалды

 Динара Амантай 26.12.2023 | 10:30
Фото: polisia.kz

50-ден астам азаматты алдаған павлодарлық әйел ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Павлодар облысының жедел қызметкерлері көрші мемлекеттегі әріптестерімен бірлесіп, халықаралық іздеуде жүрген Павлодар қаласының тұрғынын Краснодар қаласындағы жалдамалы пәтерде ұстады.

2021 жылғы қыркүйектен бастап 2023 жылғы қазанға дейінгі уақыт аралығында 47 жастағы павлодарлық әйелдің бизнесті дамыту және қарттар үшін ақылы пансионат ашу сылтауымен 400 млн теңгедей қаражатты иеленгені анықталды. Қазір қашқын Краснодар қаласындағы тергеу изоляторына қамалды. Сот іздеуде жүрген адамға қатысты 40 тәулік мерзімге экстрадициялық қамауға алуға санкция берді, – деді Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Болат Нұрсейітов.

Айта кетсек, криминалдық полицияның сот төрелігі органдарынан жасырынған және хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздестіру жұмыстары тұрақты негізде жүргізіліп жатыр. Ұзақ уақыт бойы ақпарат жинау және нұсқаларды қайта қарау, сайып келгенде, қылмысты ашумен аяқталады. Тек осы жылы павлодарлық жедел уәкілдер 155 қылмыскерді іздеп тапты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама