×

Шымкенттік қариялар гипноздың әсерінен алаяққа бар жиған-тергенін беріп қойды

Келтірілген жалпы шығын көлемі – 600 мың теңге

 Динара Амантай 25.12.2023 | 14:51
Фото: Halyq Uni

Шымкенттік қариялар гипноздың әсерінен алаяққа бар жиған-тергенін беріп қойды, деп хабарлады Halyq uni тілшісі.

Алаяқтықтың құрбандары 73 және 68 жастағы жергілікті тұрғындар болып шықты. Екі жағдайда да белгісіз әйел үйді сатып алу үшін көруге келген. Әңгімелесу барысында жалған сатып алушы әжелерге отбасына дуа жасалғанын және оны тез арада жоймаса, бір жамандық болатынын айтып сендірген. Тазарту рәсімін өткізу үшін ол алтын мен «қараңғы бөлмедегі қаралы күнге жинаған ақшаны» сұраған. Келтірілген жалпы шығын көлемі – 600 мың теңге. Қала тұрғындары есін жинаған бойда дереу полицияға хабарласып, болған жайды жеткізді.

Жәбірленушілердің айтуынша, күдікті гипнозды қолданған, өйткені олардың өздері мұндай алаяқтыққа қалай түскенін түсінбейді. Күдіктіні Еңбекші аудандық полиция басқармасының жедел уәкілдері ізін суытпай ұстады. Бұған жедел басқару орталығының камералары көмектесті. Ұсталған әйел мегаполисте алаяқтық жасауға бел буған Алматы қаласының тұрғыны болып шықты. Ол өзінің құрбандарын тек егде жастағы, сенгіш азаматтардың арасынан таңдап алған.

Шымкент полицейлері алаяқтардың мұндай айласына түсіп қалмас үшін тұрғындарға бейтаныс адамдарға сенбеуге, бағалы заттарына абай болуға кеңес береді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама