×

Сауда министрі жаңажылдық дастарханға қанша ақша жұмсағанын айтты

Арман Шаққалиев өткен сенбіде базарларды аралаған

 Дәурен Ерболат 25.12.2023 | 13:56
Арман Шаққалиев, Сауда министрі

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев жаңа жыл қарсаңында Астанадағы базарға барып, қандай азық-түлік сатып алғанын айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мәжілістегі Үкімет сағатынан соң журналистердің бірі «Сіздің үйде жаңа жыл дастарханында қандай азық-түлік болады? Азық-түлік сатып алуға қанша теңге жұмсауды жоспарлап отырсыз?» деп министрге сұрақ қойды.

Арман Шаққалиев өткен сенбіде Астанадағы базарларды аралағанын атап өтті.

«Сенбіде сіздердің әріптестеріңізбен (журналист – авт.) бірге базарға бардық. Өзім де таңғалдым, бірақ бұл Жаңа жылға арналған себет емес еді. 24 мың теңгеге азық-түлік сатып алдым. Дәстүрлі жаңа жыл дастарханы 37 түрлі тауардан тұратыны белгілі. Мысалы, "оливье", "сельд под шубой" салаттары, мандарин, ананас сияқты тауарлардың бағасына келсек, 9,8% қымбаттағанын есептеп шығардық.

Мен 37 тауардың бәрін сатып алған жоқпын. Базардағы бір әжейдің журналиске айтқаны ұнады: «Әмияныңда қанша ақша бар, қанша тамақ жейсің соған қарай сатып аласың», - деді министр.

Министр жаңажылдық дастарханға орташа есеппен қанша теңге жұмсалатынын айту қиын екенін жеткізді.

Құрма, қызанақ, қияр, ет, сүт өнімдерін, 2 тандыр нан алдым. Жалпы жақсы бір стандарт себет алдық. Соған 24 мың теңге жұмсадым. Әрине, базар болған соң саудаластық. Мен жаңа жылды тандыр нанмен қарсы алатын шығармын. Сіз білмейсіз ғой. Әріптестер, жаңа жыл – әркімнің жеке мерекесі. Бірақ бәрі «Оливье» индексіне қарайды. Сондықтан бәрі тәбетіңіз бен әмияныңызға байланысты, - деді Арман Шаққалиев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама