×

Президент бірнеше заңға қол қойды

Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді

 Халық үні 23.12.2023 | 15:40
Фото: Ақорда

Президент ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарындағы қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. 

Сондай-ақ президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі және дактилоскопиялық тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.
 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама