×

Аса ірі көлемде салық төлеуден жалтарған күдікті Камеруннан экстрадицияланды

Қазір ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамаққа алынды

 Динара Амантай 23.12.2023 | 13:24
Фото: видеодан скриншот

Бүгін Қазақстанның Бас прокуратурасы мен ІІМ-нің Интерпол қызметкерлері Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі және Камерундағы Қазақстан Республикасының Құрметті консулының көмегімен аталған елден Қазақстан азаматын экстрадициялады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, ол 2017-2019 жылдары жалған счет-фактураларды пайдалану жолымен 720 млн теңгеден астам салықтар төлеуден жалтарды деген күдікке ілінді. Қылмысты жасағаннан кейін күдікті тергеуден жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланған.

Биыл маусымда ол Камерун Республикасының аумағында ұсталғандықтан, Бас прокуратура оны беру туралы сұрау жолдаған. Қазақстан мен Камерун арасында ұстап беру туралы шарттың болмауына қарамастан, Камерун тарабы ол сұрауды қанағаттандырды.

Қазір күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамаққа алынды. Осындай қылмыс жасаған тұлғаларға 5 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама