×

Елордада мерекелік іс-шара ұйымдастырушы әншілердің гонорарын заңсыз иеленген

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 20.12.2023 | 16:51
Фото: polisia.kz

Елордада мерекелік іс-шара ұйымдастырушы әншілердің гонорарын заңсыз иеленген, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қаладағы Есіл аудандық ПБ криминалдық полиция қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен 30 жастағы қала тұрғынын анықтады. Тергеу барысында ер адамның эстрада әншілерінің өнер көрсетуін қамтамасыз ете отырып, мерекелік іс-шараларды ұйымдастырумен айналысатыны белгілі болды.

Күдікті белгілі әншілердің қатысуымен кеш ұйымдастыруға уәде беріп, елордалық ойын-сауық мекемелерінің бірінің директорынан алдын ала төлем алған. Алайда уәде етілген әншілердің барлығы кешке толық қатыспаған, сондай-ақ күдікті оларға төленетін гонорарды да өз қалтасына салған. Кейін ол әртүрлі сылтау айтып, байланысқа шықпаған. Осылайша күдікті барлық шығынды өзі төлеген мекеме директорына 6 млн теңге материалдық шығын келтірген.

Аталған фактіге байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адамның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексеріліп жатыр, – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама