×

Алматыда ірі алаяқтыққа қатысы бар адам ұсталды

Одан әртүрлі адамның атына ашылған 14 банк картасы тәркіленді

 Динара Амантай 19.12.2023 | 14:41
Фото: polisia.kz

Алматыда ірі алаяқтыққа қатысы бар адам ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, қалалық ПД-ға  алаяқтық туралы бірнеше хабарлама түскен. Жәбірленушілердің айтуынша, белгісіз біреу қаржылық интернет алаңында ақшаны криптоволютаға айналдырамын деген желеумен ірі көлемдегі ақшаны иемденген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілердің бірі ұсталды. Анықталғандай, жас жігіт алаяқтық жолмен алынған қаражатты қабылдап отырған. Ұстау кезінде күдіктіден 3 телефон, 8 SIM-карта және әртүрлі адамның атына ашылған 14 банк картасы тәркіленді. Осы дерек бойынша тергеушілер қылмыстық істі ҚР ҚК-нің 190-бабына сәйкес қарап жатыр, – деді Алматы қаласы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Қазір полиция қызметкерлері алаяқтық әрекетке басқа да қатысушыларды анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама