×

Жамбыл облысында қар құрсауында қалғандардың қаза тапқаны рас па?

Әлеуеметтік желілерде қаза тапқандардың тізімі туралы ақпарат тарап жатыр

 Еркеғали Болатұлы 18.12.2023 | 16:05
фото: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Төтенше жағдай кезінде Жамбыл облысының автожолдарында қар құрсауында қалған 5 мыңға жуық адам құтқарылды.

Жамбыл облысы әкімдігінің хабарлауынша, құтқару шараларына жергілікті атқарушы органдар, Төтенше жағдайлар министрлігі, полиция департаментінің күштері, Қорғаныс министрлігінің әскерилері мен жол қызметкерлері қатысқан.

Ал адам өліміне қатысты ақпарат тіркелген жоқ.

Құрметті тұрғындар, сіздерден тек ресми ақпараттарға сенуді сұраймыз! Әлеуеметтік желілерде (белгілі парақшаларда) таралып жатқан Жамбыл облысында табиғи сипаттағы төтенше жағдай кезінде қаза тапқандардың тізімі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.

ҚР Қылмыстық Кодексінің 274-бабы бойынша көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жаза қарастырылғанын еске саламыз», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама