×

Атырауда полицейлер жол бойында қалған көліктерге көмектесті

Бейнеу ауданы бағытына 105-ке жуық көлік жөнелтілді

 Динара Амантай 18.12.2023 | 13:01
Фото: видеодан скриншот

Атырауда полицейлер жол бойында қалған көліктерге көмектесті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, кеше облыс аумағында қалың қар түсуі салдарынан тас жолдардың көктайғақ болуына байланысты Құлсары – Бейнеу, Атырау – Индер бағытындағы тас жолда көлік құралының барлық түрінің қозғалысына шектеу енгізілген. Қазір патрульдік полиция ротасының қызметкерлері тәуліктің түнгі мезгілінде тайғақ жол бойында көліктердің қалып қоймауы үшін оларды қызметтік көліктердің бағыттауымен жеткізу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бейнеу ауданы бағытына 105-ке жуық көлік жөнелтілді. Сондай-ақ Индер ауданыны аумағындағы елдімекендерге қызметтік көліктердің еріп жүруімен 150-ден астам көлік жеткізілді.

Ведомство өкілдері көлік жүргізушілерін ауа райының қолайсыздығына байланысты өзінің және өзгенің өміріне қауіп төндірмеу үшін алыс сапарлардан уақытша бас тартып, қауіпсіздікті сақтауды сұрайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама