×

ХАМАС-тың басшылары үшін сыйақы тағайындалды

Ұйымның басшысы Яхья Синвардың қай жерде жүргенін білетін адамға 400 мың доллар беріледі

 Дастан Жұмабекұлы 15.12.2023 | 15:58
Фото: Chris MCgrath

Израиль әскері (ЦАХАЛ) Газа секторының халқына үндеу жолдады. Бұл жолы Израиль армиясы ХАМАС ұйымы қолбасшыларының қай жерде жасырынғаны туралы ақпарат берген адамға ақшалай сыйлық тағайындалғанын айтты.

ХАМАС ұйымының басшысы Яхья Синвар үшін 400 мың доллар, оның інісі Мұхаммедтің қайда жасырынғанын айтқан адамға 300 мың доллар, Хан-Жүніс жасағының қолбасшысы Рафа Саламның қайда жүргенін білетін адамға 200 мың доллар, ХАМАС-тың әскери қанатының басшысы Мұхаммед Дейфа үшін 100 мың доллар беріледі. Ақпарат берген адамның аты-жөні  құпия сақталады. Біз уәде береміз, – делінген үнпарақта.

Бұған дейін хабарланғандай, Израиль қорғаныс армиясы ХАМАС ұйымы пайдалануы мүмкін деген Газа секторындағы жерасты туннель кешеніне теңіз суын жібере бастады. Ал АҚШ-та Израильдің Газадағы әскери операциясына қарсы шығып жатқандар күн сайын көбейіп келеді. АҚШ билігінің өзі Израиль тарапынан жаппай бомбалаудың бей-берекет жасалып жатқанына наразы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама