×

Ақмола облысында алименттен жалтарғандарға қатысты 28 қылмыстық іс тіркелді

Биыл прокуратура шараларымен 600 млн теңгеден астам қарыз өтелді

 Динара Амантай 11.12.2023 | 17:36
Фото: Halyq Uni

Ақмола облысында алимент бойынша борышкерлерге қатысты 28 қылмыстық іс тіркелді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жыл басынан бері жүргізілген жұмыстың нәтижесінде прокуратураның үйлестіру шараларымен алимент төлеу жөніндегі міндеттерді атқармайтын 28 борышкерге қатысты қылмыстық істер тіркеліп, оның ішінде 8 борышкерге айыптау үкімдері шығарылды. Бүгінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының өндірісінде тағы 5 қылмыстық іс жатыр.

Сонымен қатар, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 669-бабы бойынша алимент өндіріп алу туралы сот шешімін орындамағаны үшін 100-ден астам борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Биыл Ақмола облысы прокуратурасының шараларымен 600 млн тенгеден астам алимент өндірілген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама