×

Үстіне металл құрылым құлап қаза тапқан елордалық әйелдің балалары халыққа үндеу жасады

Марқұмның артында қызы мен ұлы қалды

Фото: instagram.com/zhu.boo

Нұр-Сұлтан қаласында үстіне металл құрылым құлап қаза тапқан әйелдің балалары үндеу жасап, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Бас прокурорға, Ішкі істер министріне, Жоғарғы сот төрағасына қайғылы жағдайға назар аударуды өтінді.

Марқұмның қызы Жұлдыз Тұрсынбекованың жазуынша, 22 қазанда «Қазгидромет» қызметінен жел соғатыны туралы ескерту жарияланған. Алайда, ғимарат төбесіне металл конструкциясын орнату жұмысын жүргізген компания ескертуді елемеген (ашық дереккөздерде бұл оқиғаның «Номад» тұрғын үй кешенінде болғаны айтылған).

Бұл құрылымның құлауына себеп болды. 15 қабат биіктен құлаған құрылым анамның өмірін қиды, - деп жазды марқұмның қызы.

Гаухар Ахметжанова (марқұм) небәрі 56 жаста болған. Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын бітірген, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысқан, Қазақстан сәулетшілер одағының мүшесі болған. Ол елорданың тұрғын үй кешендері мен құрылымдарының жобалық және жұмыс жобаларын әзірлеумен айналысқан.

Бес ота жасалғанына қарамастан 2021 жылы 14 желтоқсанда Гаухар Ахметжанова қайтыс болды. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментінде ҚК-нің 306-бабы (Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама