Halyq Uni логотип
×

Заңсыз жұмыс істеп жүрген мигранттар елімізден қуылды

Олар Түркістан облысында ұсталды

 Қымбат Елтайқызы 23.05.2022 | 10:30
Заңсыз жұмыс істеп жүрген мигранттар елімізден қуылды
фото: Halyq Uni

Арыстық полицейлер заңсыз еңбек етіп жүрген 23 шетелдікті құрықтады. Олар «кеурек» дәрілік шөбін қазумен айналысқан, деп хабарлайды ішкі істер министрлігі.

«Арыс ауданының тәртіп сақшылары далада өсетін емдік қасиеті өте жоғары «кеурек ферула» шөбін қазып, заңсыз жұмыс істеген Өзбекстанның 23 азаматын анықтады. Олар далалы алқапқа шатыр тігіп, «кеурек» қазып жүрген жерінен ұсталды», – дейді ІІМ.

Олар ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігімен (шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстанның халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы) жауапқа тартылып, ел аумағынан аластатылды. Ал жұмыс беруші Қазақстан азаматына ӘҚБтК-нің 519-бабы бойынша (шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп келушілерді ел заңнамасын бұза отырып тарту) хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

БҚО-да көші-қон заңнамасын бұзған Шри-Ланканың 12 азаматы құрықталды. Қазақстанда шетелдік мигранттарға шағым көбейді – ІІМ. Атырауда жүзден аса Қытай азаматы заңсыз еңбек еткен. Еліміздегі еңбек мигранттарының көбі Қытайдан келген. Биылғы үш айда Қазақстанға 3,5 мыңнан астам адам ТМД елдерінен көшіп келген. Қазақстандағы еңбек мигранттарының көбі – қытайлар. 120 астам шетел азаматы елімізден қуылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама