×

БҚО-да көші-қон заңнамасын бұзған Шри-Ланканың 12 азаматы ұсталды

Сот шетелдіктерді елден шығару туралы шешім қабылдады

 Халық үні 14.12.2021 | 16:55
фото: ІІМ баспасөз қызметі

Пандемияға байланысты Қазақстан аумағында жүрген мыңдаған шетелдік өз елдеріне қайта алмады. Қазақстанның көші-қон қызметі оларға өз жағдайын реттеуге немесе отанына оралуға көмек көрсетті. Алайда, бұл мүмкіндікті бәрі пайдаланбай, еліміздің көші-қон заңнамасын бұзуға жол берді.

Соңғы жеті күн ішінде «Мигрант» іс-шарасы аясында көші-қон заңнамасын бұзған 11 906 факті анықталды.​ Оның ішінде 8872 шетелдік елде болу мерзімін қадағаламаған, 2809 шетелдік заңсыз еңбек еткен. Оған қоса, шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін 564 отандық жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мұндай ​жағдайлар Алматы қаласында, Алматы, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстарында анықталды.

Полицияға шетелдік азамат туралы уақытында хабарламағаны үшін 4987 жеке және заңды тұлға, қайыр сұрағаны үшін 42 шетелдік жауапкершілікке тартылды.

​Мәселен, Батыс Қазақстан облысында Қазақстанда болу мерзімі өтіп кеткен және көрші елге заңсыз кетуге ниеттенген Шри-Ланканың 12 азаматын анықталды.

Сот шетелдіктерді елден шығару туралы шешім қабылдады, ал шақырушы тарапқа қатысты уақытында шығу бойынша шара қабылдамағаны үшін айыппұл салынды және шығуға билеттер сатып алу туралы нұсқама шығарылды.

​Одан бөлек, 165 шетелдік елден мәжбүрлеп шығару үшін арнайы қабылдау орындарына қамалды. Елден 239 шетелдік мәжбүрлеп шығарылды.

Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 35 қылмыстық құқық бұзушылық, оның ішінде 7-уі мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге және 28 қылмыстық іс шетелдіктерге елімізде заңсыз болуға жәрдем көрсеткені үшін қозғалды.

Іздеуде жүрген 68 қылмыскер, оның ішінде 9 ТМД азаматы ұсталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама