Алматы – Орал пойызы 6 сағатқа тоқтатылды
Пойызда жүруден бас тартқандар жол жүру құнын толық қайтара алады
![Алматы – Орал пойызы 6 сағатқа тоқтатылды](https://halyq-uni.kz/cache/imagine/1200/uploads/news/2023/12/09/6573fafb54e43902492327.jpeg)
№51 Алматы – Орал (тальго) жолаушылар пойызы 9 желтоқсан түнде техникалық себепке байланысты тоқтатылды. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» баспасөз қызметі хабарлады.
Ақауды жөндегеннен кейін Тобыл станциясынан 6 сағатқа кешігіп жөнелтілді.
Жолаушыларға тегін ыстық тамақ ұйымдастырылды. Компания жолаушылардан қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды, сондай-ақ Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және пошта жөнелтілімдерін темір жол көлігімен тасымалдау қағидаларына сәйкес жолаушыларға ақшалай қаражатты қайтару және өтемақы төлеу жөнінде шаралар жүргізілетінін хабарлайды:
- Пойызда жүруден бас тартқандар жол жүру құнын толық қайтарады;
- Жүру жолында пойызбен сапарлаудан бас тартқан жолаушыға жүріп өтпеген қашықтық үшін жол жүру құны төленеді;
- Кешігудің әрбір толық сағаты үшін жолаушыларға 3% мөлшерінде өтемақы төленеді, бірақ жол жүру құнынан аспайды.
Өтемақыны «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларынан алуға болады.