×

Алматыда қар жауды: бір күнде 23 жол апаты тіркелді

Салдарынан 3 адам зардап шекті

 Халық үні 09.12.2023 | 11:53
Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда қар жауып, бір күнде 23 жол апаты тіркелді. Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының хабарлауынша, түнде патрульдік полиция экипаждарының саны артты.

23 жол апаты тіркелді, соның салдарынан 3 адам зардап шекті.

Ауа райына байланысты әкімдік автокөлік жүргізушілерін жылдамдықты төмендету сұрап, қашықтықты сақтауға шақырды. Жаяу жүргіншілер тротуарларда жүргенде абай болуы керек, белгіленген жерлерде көшелерді кесіп өтуі керек, қарттар мен балаларға көмек көрсеткені жөн.

«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша қар 9 желтоқсан түске дейін жауады деп болжанға. Жел жылдамжығы - 3-8 м/с. Ауа температурасы күндіз минус 4 градус болады.

Айта кетейік, қалада 4 см қар жауды, Медеу мен Шымбұлақта – 6 см.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама